Сенбі, 28 ақпан, 20:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

«Автомектеп» іске қосылды: енді жалған куәлікке жол жоқ

28.02.2026

39 0

Фото: kursiv.media мұрағаты

Ішкі істер министрлігі «Автомектеп» атты жаңа ақпараттық жүйені іске қосты. Енді елдегі барлық автомектеп пен оқу топтары бір базаға тіркеледі. Бұл туралы ІІМ хабарлады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Министрлік мәліметінше, бұдан былай оқу курстарын аяқтағаны туралы куәліктер тек электрондық форматта беріледі. Бұл нақты оқудан өтпей құжат алу деректерін және жалған құжат жасау әрекеттерін болдырмауға бағытталған.

«Автомектеп жүйесі – мемлекеттік ақпараттық жүйе және ІІМ теңгерімінде. Smart Bridge платформасы арқылы оған «CarLife» кәсіби бірлестігіне тиесілі «Avtomektep.kz» жеке жүйесі қосылған. Барлық қосылу рәсімдері электрондық үкімет талаптарына сәйкес жүзеге асырылды», – делінген хабарламада.

Онлайн курспен куәлік ала алмайсыз

ІІМ тағы бір маңызды жайтты ескертті. Кейінгі кезде интернетте «жедел онлайн жүргізуші курстары» деген жарнамалар көбейген. Министрлік мұндай курстар жүргізуші куәлігін алуға жеткіліксіз екенін атап өтті.

Жүргізуші куәлігін алу үшін міндетті түрде автомектепте оқып, теориямен қатар рөлге отырып тәжірибеден өту керек.

Еске сала кетейік, бұған дейін автодромдардағы жол апаттарынан кейін «Азаматтарға арналған үкімет» болашақ жүргізушілерге арнайы үндеу жасаған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: