Дүйсенбі, 23 ақпан, 14:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14 (2226)
21.02.2026
PDF мұрағаты

Ауданда ардагерлермен Конституциялық өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті

23.02.2026

55 0

Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын ақпараттық қолдау мақсатында «Конституциялық өзгерістер: құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара іс-қимыл» тақырыбында аудан ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Ауданда ардагерлермен Конституциялық өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті


Жиынды аудан әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов жүргізіп отырды. Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Әлиев және Жалағаш ауданы прокурорының орынбасары Бағдат Ерімбетов қатысып, ұсынылып отырған заң жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндіріп, пікір алмасты.

Ауданда ардагерлермен Конституциялық өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті


Шара барысында жаңа Конституция жобасында көзделген нормалардың мазмұны мен маңызы кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, заң үстемдігін нығайту, құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы құрылымдардың өзара іс-қимылын жетілдіру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері сөз болды. Қатысушылар бұл өзгерістер қоғамның барлық саласына оң ықпал ететінін атап өтті.
Өз сөзінде Әліби Қодарұлы Қазақстан Республикасы Ата Заңының тұжырымдамалық өзгерістері мемлекеттің адамға бағдарланған сипатын күшейтуге, Қазақстан халқына тән негізгі құндылықтар мен қағидаттарды айқындауға, сондай-ақ республикадағы саяси институттар құрылымының тиімділігін арттыруға бағытталғанын жеткізді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ардагерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Ауданда ардагерлермен Конституциялық өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті
Ауданда ардагерлермен Конституциялық өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті
Ауданда ардагерлермен Конституциялық өзгерістерді талқылауға арналған кездесу өтті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: