Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы министрі Күріш институтының жұмысымен танысты

15.09.2023

531 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ы.Жақаев атындағы күріш ғылыми-зерттеу институтының қызметімен танысты.

Айта кетейік, күні кеше Қармақшы ауданында өткен «Дала күні» семинар-кеңесінде аймақ басшысы күріш өсірушілердің өзекті мәселелерін министрге баяндаған болатын.

Аймақ басшысы министрге күріш өнімділігін арттырудың бірден-бір жолы – агротехнологияларды сақтаумен қатар, сапалы тұқыммен қамтамасыз ету екендігін айтып, институт жұмысын жандандыруға қатысты ойларымен бөлісті. Бүгінде аймақта егілетін күріштің небәрі 3 пайызы ғана – отандық сорттар. Өкінішке орай, Қазақстандағы жалғыз күріш институты жаңа, бәсекеге қабілетті сорттар шығаруға қауқарсыз. Оның негізгі себебі – институттың қаржылық және материалдық- техникалық жағдайының төмендігі. Аграрлық ғылымды реформалау шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігі күріш ғылыми- зерттеу институтының жарғылық үлесін С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетіне беруді жоспарлауда.

«Біздің ойымызша, бұл университеттің ғылыми-зерттеу институтын жеткілікті қаржыландыруға мүмкіндігі болмайды. Құрметті Айдарбек Сейпілұлы, министрлік әзірлейтін тұқым шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарына күріш тұқымы мәселесін қосуды және қолдауыңызды сұраймын», – деп атап өтті Нұрлыбек Машбекұлы.

Мекеме жұмысымен танысу барысында министр аталған мәселелердің мән-жайын зерделеп, алдағы уақытта шешімі қарастырылатынын жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: