Дүйсенбі, 20 сәуiр, 12:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№28 (2240)
18.04.2026
PDF мұрағаты

Ауылға баратын дәрігерлерге қандай қолдау тетіктері қарастырылған

20.04.2026

57 0

Фото: ДСМ

Ауылдарда дәрігер тапшылығы мәселесі шешілді ме? Қай өңірлерде дәрігерлер жетіспей жатыр? Бұл сұрақтарға Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді, – деп хабарлайды KAZINFORM

Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда дәрігерлер тапшылығы 3 869 маман болды. Оның ішінде ауылдық жерде – 803 адам. Бұл тұрғыда ауылдар бойынша ең жоғары тапшылық Түркістан (144), Маңғыстау (102), Солтүстік Қазақстан (92), Ақмола (83), Батыс Қазақстан (60) облыстарында байқалды.

-«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 сәуірдегі Заңына сәйкес, ауылдық жерлерде кемінде бес жыл жұмыс істеу үшін келген аса тапшы мамандықтар бойынша медициналық қызметкерлерге 100 ең төменгі жалақы мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем беріледі, бұл қарастырылып отырған кезеңде 8,5 млн теңге болды. Сонымен қатар 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аталған төлемдерді қаржыландыруды қамтамасыз ету және тиісті шешімдерді қабылдау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады, – делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Ведомство ақпаратына қарағанда, ауылды жерлерде жұмыс істеуге жіберілген 529 медициналық қызметкер біржолғы (8,5 млн теңгеден) төлемді алды. Ал 2024 жылы 254 маманға осы төлем берілген.

  • Сондай-ақ 2025 жылы 1760 дәрігерге әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Оның ішінде қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз ету (727 дәрігер), көтерме жәрдемақы, бюджеттік кредит беру, коммуналдық шығындарды өтеу және өзге де жеңілдіктер бар, соның арасында ауылдық жерлерге келген 1005 дәрігер қамтылды. Бұдан бөлек, медициналық қызметкерлер үшін келесі әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған:
  • 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қолдау аясында аудан орталығы саналатын ауылды елді мекендерге келген мамандар үшін тұрғын үй сатып алуға немесе салуға берілетін бюджеттік кредит мөлшері 2 500 АЕК-ке дейін, ал өзге ауылды елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды;
  • ауылды жерлерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді;
  • медициналық қызметкерлердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан орындар басым тәртіппен беріледі;
  • көлік шығындары өтеледі;
  • медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігі сақтандырылады. Еңбек кодексінің 139-бабына сәйкес ауылды жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласының мамандарына жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша лауазымдық жалақылары мен тарифтік мөлшерлемелері кемінде 25 пайызға арттырылып белгіленеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: