Жексенбі, 28 сәуiр, 22:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Балабақша меңгерушісі 3 миллион теңгеден аса қаржы жымқырған

26.08.2023

486 0

Көкшетауда балабақшалардың бірінің меңгерушісі жалған түрде жұмысқа орналастырылған қызметкерлерге балабақшаның ақшасын аударып отырған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл қаржы балабақшаның қажеттілігі үшін қарастырылған, алайда лауазымды тұлға жоспар құрып, ай сайын жалған жұмысшылардың банк шоттарына ақшалай қаржы аударып отырған.

Кейіннен банк шоттарының иелері түскен қаржы соммаларын қолма-қол ақшаға айналдырып, лауазымды тұлғаға берген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты.

Заңбұзушылық бойынша прокуратура ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады.

Бұл баптың санкциясына сәйкес мүлікті тәркiлеу, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру, жымқырылған мүліктің оннан жиырма есеге дейінгі мөлшерінде айыппұл салу, не екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік көзделеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: