Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің аумақтық басқармалары бақылауында 8 балаларды сауықтыру ұйымы бар, оның жетеуі – мемлекеттік, біреуі – кәсіпкерлік нысан, «Зерентай» балалар тынығу лагері.
Балалардың жазғы демалысы 26 мамырда мектеп жанындағы 556 күндізгі лагерьдің жұмысымен басталды.
Бұдан бөлек, 5 маусымдық және облыстағы жыл бойы жұмыс жасайтын Арал, Жаңақорған аудандарындағы «Облыстық олимпиадалар және қосымша білім беру орталықтары» 1 маусымнан балаларды қабылдап, жұмыстарын бастап кетті. Бүгінгі күні 7 қала сыртындағы лагерьде І ауысым аяқталды. Бұл кезеңде 930 бала және мектеп жанындағы тынығу лагерьлерінде 52 360 оқушы қамтылды. Демалыс кезеңінде оқушылар арасында жұқпалы аурулар мен топтасқан тағамнан улану жағдайлары орын алған жоқ.
Тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасында тағамнан уланудың алдын алуда лагерь басшылары, жеке кәсіпкерлер сауықтыру кезеңі ішінде өндірістік бақылау жасауға аккредиттелген зертханалармен өз-өзіне бақылау жүргізуге келісім шартқа отырып, І ауысымда зертханалық бақылаумен қамтылды.
Атап айтқанда, қала сыртындағы лагерьлерден микробиологиялық көрсеткіштерге 29 тағам үлгісі, 135 шайынды, 13 ауыз су үлгісі алынып, сәйкессіздік анықталған жоқ. Шомылу маусымында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде микробиологиялық, паразитологиялық, вирусологиялық және санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 11 су сынамасы зерттеліп, сәйкессіздік тіркелген жоқ. Санитариялық-химиялық көрсеткіштерге ас құнарлылығына 20 тағам үлгісі, 8 залалсыздандыру ерітіндісі алынып, сәйкессіздік анықталмаған.
Азық-түлік тағамдарын олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарымен қабылдануы, ас блогы қызметкерлерінің медициналық тексеруден және гигиеналық оқытудан өткеннен кейін ғана жұмысқа қосылуы, жеке медициналық кітапшаларының жұмыс орнында сақталуы бойынша қатаң талаптар қойылуда.
Лагерьге балаларды қабылдаудан бұрын облыстағы барлық лагерь аумағына профилактикалық дезинфекция, дезинсекция, дератизация жұмыстары толық жүргізілді.
Балаларды сауықтыру ұйымдарының қызметкерлері үшін ішек инфекциялары, ботулизм және жаппай тамақтан уланудың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Қазіргі таңда лагерлердің барлық үй-жайлары мен аулаларына бірінші ауысымнан кейінгі жуып-шаю, профилактикалық дезинфекция, дезинсекция шаралары жүргізілді.
Облыстағы қала сыртындағы лагерьлердің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы мен жазғы сауықтыру ұйымдарындағы балалардың жұқпалы аурумен сырқаттанушылығы бойынша апта сайынғы мониторинг жалғасуда.
Ерлан Ұзақбаев,
Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департамент басшысының орынбасары
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!