Сейсенбі, 22 шiлде, 17:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№54, 2167
22.07.2025
PDF мұрағаты

Балаларды кітапқа қызықтыру керек – Аида Балаева

22.07.2025

76 0

Фото: El.kz

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Айқын« басылымына берген сұхбатында балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру – тек білім беру жүйесінің ғана емес, мәдени саясаттың да басты міндеті екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы

Министр сұхбат барысында кітапханалар жүйесі, заманауи әдебиет, мемлекеттік қолдау және оқырман талғамы туралы маңызды ойларымен бөлісті. Оның айтуынша, қазіргі заман баласына кітапты күштеп емес, қызықтыра отырып оқыту қажет.

Балаларға кітапты күштеп оқыту емес, қызықтыра отырып үйрету қажет. Олар әдебиетке жаңа формалар арқылы ғашық болуы мүмкін, деді Балаева.

Министр атап өткендей, қазіргі жас ұрпақ комикс, фэнтези, детектив пен фантастика секілді жанрларға бейім. Бұл – олардың әдебиет әлеміне алғашқы қадам жасауының табиғи жолы. Сондықтан да осы жанрларды дамыту, отандық авторларды қолдау, қорларды жаңарту – басты басымдықтардың бірі болуы тиіс.

Министрліктің бастамасымен соңғы жылдары кітапханалар заманауи форматқа бейімделіп келеді.

Электронды каталогтар, онлайн қызметтер, цифрлық платформалар – кітапханалардың ажырамас бөлігіне айналып отыр. Алайда оқырман сұранысын қанағаттандыру үшін кітап қорын жүйелі жаңарту қажет, – деп атап өтті ол.

Аида Балаева қазіргі әдебиетте еліміздің жаңа мыңжылдықтағы бейнесін, ғылым мен технологияны, жаһандану дәуіріндегі ұлттық болмысты ашатын шығармалар әлі де жеткіліксіз екенін айтты. Сол себепті министрлік заманауи тақырыптар мен жанрларға басымдық беріп, мемлекеттік тапсырыс арқылы жаңа контентті қолдауға кіріскен.

Мемлекет басшысының «кітап оқитын ұлт» бастамасы аясында әдеби байқаулар саны артқан. «Абай» мемлекеттік сыйлығы, «Айбоз» ұлттық әдеби байқауы, Президенттік әдеби сыйлық, «Дарын» жастар марапаты секілді жобалар – сапалы контент қалыптастыруға бағытталған нақты шаралар, – деді минисnр.

Министрдің айтуынша, елімізде жарық көріп жатқан көптеген әдеби туындылар халқымыздың өткен тарихына арналып келеді. Бұл – ұлттың өзін тануға деген сұранысының белгісі. Алайда заманауи оқырманның сұранысы бүгінгі күн тақырыптарына ауысып жатыр.

Балалар мен жасөспірімдерге арналған әдебиеттерді қолдау бағытында министрлік 2025 жылға дейін басылатын кітаптардың 80 пайызын осы салаға арнауды жоспарлап отыр. Бұл – болашақ оқырманды тәрбиелеуге жасалған нақты қадам, – деді Балаева.

Балаларды кітапқа қызықтыру – болашаққа салынған инвестиция. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар мен реформалар – ұлттың мәдени деңгейін арттыруға, оқырман мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастамалар екенін атап өтті министр.

БАЛАЛАР КІТАП

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: