Дүйсенбі, 09 желтоқсан, 08:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Мұрат Әбенов: Мемлекет мүддесіне қызмет ететін азаматтардың интеллектуалдық потенциалын тиімді қолдану керек

25.02.2022

913 0

Ашық ақпарат заманында билік пен халық арасында тиімді диалог орнату және туындаған мәселелерді байыпты жолмен шеше білу – уақыт талабы. Мемлекет басшысы азаматтармен диалог орната білу қазіргі таңда аса маңызды екенін атап өтті. Бұл мақсатта облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сенiм Ұлттық кеңесінің мүшесі, «Serpin» Ұлттық бiлiм беру палатасының төрағасы Мұрат Әбеновпен кездесті.

Басқосу барысында аймақ басшысы азаматтық ұстанымы айқын тұлғалармен ортақ мәселелерді талқылауға әрдайым дайын екендігін білдірді.

«Сіз айқын азаматтық позицияңыз арқылы қоғам дамуына елеулі үлес қосып келесіз. Президент жанындағы Қоғамдық сенiм Ұлттық кеңесінің мүшесі ретінде түрлі деңгейдегі мәселелерде өз көзқарасыңызды білдіріп, ел дамуына қажетті ұсыныстар айтып келесіз. Сондықтан да мемлекет мүддесін әрдайым жоғары қоятын азаматтармен бірге сындарлы диалог орнатуға мүдделі екенімді жеткіземін. Қазіргідей күрделі кезеңде Президенттің «Жаңа Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру аса маңызды. Бұл ең алдымен қоғамдық құндылықтарды қайта жаңғырту, жасампаздық жігерді нығайтуды қажет етеді. Сондықтан кезең-кезеңімен және жүйелі реформаларды бірлесіп атқарамыз деп сенемін», – деді облыс әкімі.

Мұрат Әбенов өз кезегінде Сыр елінің тумасы ретінде өлкеге қызмет етуге әзір екенін жеткізіп, парасатты азаматтардың пікірін бір арнаға тоғыстыратын сарапшылық алаңдарды ашу өзекті екенін алға тартты.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымын іске асыруда ашық талқылаулар өткізу маңызды. Сыр елінен көптеген беделді азамат шыққанын білесіздер. Бізге мемлекет мүддесіне қызмет ететін азаматтардың интеллектуалдық потенциалын тиімді қолдану керек. Сол себепті де Сыр өңірінде талдау-сараптамалық орталық құрып, ашық пікірлесу алаңдарын іске асыруымыз қажет деп санаймын. Себебі өзекті мәселелердің шешімін табуда мемлекет пен азаматтық сектордың бірлескен диалогы керек. Яғни сарапшы азаматтардың жауапкершілігі қатар жүруі тиіс», – деді Мұрат Әбенов.

Кездесу нәтижесімен аймақ басшысы қоғамдық құндылықтарды қайта жаңғырту жолында жаңашыл бастамаларды бірлесе атқаруға дайын екендіктерін жеткізді.

Мұрат Әбенов: Мемлекет мүддесіне қызмет ететін азаматтардың интеллектуалдық потенциалын тиімді қолдану керек

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: