Бейсенбі, 26 желтоқсан, 18:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Біздің Тәуелсіздік 25 қазаннан басталды – Сенат төрағасы

08.09.2022

985 0

Сайлау науқанына қатысты шешімді Мемлекет басшысы өзі қабылдайды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 қазан – ол маңызды дата. Қазіргі кезде 25 қазан жайында аз айтып жүрміз. Бұл өз кезегінде дұрыс емес деп санаймын. Шын мәнінде біздің Тәуелсіздік 25 қазаннан бастау алады, яғни Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданған. Осыдан кейін нақты қадамдар жасалды», – деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол бұл датаны ұлттық мереке ретінде атап өту өте маңызды екенін жеткізді

«Атап айтқанда, тарихи әрі әділ шешім жасалып отыр. Біз осы күнді ұмытпай, қоғамда көбірек айтуымыз керек», – деді Сенат төрағасы.

Сонымен қатар ол Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауға қатысты пікір білдірді.

«5 маусымда референдум өтті. Осы өзгерістер аясында халық шешімімен Конституциядан Тұңғыш Президентке қатысты пунктер алынып тасталды. Бұл жағдайда ел халқы бұл пунктер Ата Заңнан шығарылуы тиіс деп дауыс бергенін ескерсек, бұл күнді мемлекеттік мереке деп қалдыру дәйексіз болады. Біз қазір Конституция нормаларын іске асыруымыз керек. Сондықтан халық қалауын орындап жатырмыз», – деді М. Әшімбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 7 қыркүйекте Парламент Мәжілісі Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды қолдады.

Атап айтқанда, осы бастама «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасында қамтылған.

«Яғни 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ескерілген. Бұдан басқа, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды», – деді Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: