Жұма, 17 мамыр, 13:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Динара Сәтжан 20 жыл бұрынғы суретін жариялап, көпшілікті таңғалдырды

12.09.2023

375 0

Отандық тележүргізуші Динара Сәтжан әлеуметтік желідегі парақшасында жас кезінде түскен суретін жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Динара Сәтжан желіде 2003 жылы түскен суретін жариялап, сұлулығымен жұртты тәнті етті.

“20 жылда бұл қыз еш өзгермеген. 2000 жылдардың басында өз ісін қалай жақсы көрсе, мамандығына қазір де дәл солай ғашық. Түсірілімдер, монтаж, эфирлер, мәтіндер. Табысқа жетудің құпиясы: жақсы көретін ісіңмен айналыс және өзің айналысатын жұмысыңды сүй”, – деп жазды Динара Сәтжан. 

Желі қолданушыларының басым көпшілігі суреттерден еш өзгеріс байқамаса, енді бірі тележүргізушінің бет-әлпеті мен көзқарасы өзгерген деп санайды.

“Жыл сайын жасарып келесіз”, “Табиғи сұлулығыңызды сақтап қалғансыз”, “Сұлусыз”, “Бет пішініңіз, мұрныңыздың пішіні өзгерген”, “Көзқарасыңызда бұрынғыдай аңғалдық жоқ”, “Даналық байқалады”, “Қазір де бұрынғыдай сұлусыз”, “Тоңазытқышта ұйықтайсыз ба?”, “Сұлулығыңыздың сыры неде?”, – деп жазды желі қолданушылары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: