Жұма, 11 шiлде, 20:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№50,2163
09.07.2025
PDF мұрағаты

Елімізде кімдер несие төлемдерін кейінге қалдыра алады?

11.07.2025

92 0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Әлеуметтік осал топтағылар мен төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтар кемінде үш ай мерзімге несие төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл ретте комиссиялар мен өзге де қосымша төлемдер алынбайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мұндай шешім тек табысы 30% немесе одан да көп төмендегені құжат жүзінде расталған жағдайда қабылданады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушылардың құқықтарын күшейтуде, ал микрокредиттер мен банктік қарыздарға қатысты жаңа шарттар 2025 жылғы 31 тамыздан бастап күшіне енеді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтындағы құжатта көрсетілгендей, қарыз алушы шарттарды өзгерту туралы өтінішті еркін түрде емес, бекітілген нысан бойынша, өмірлік жағдайларды (жұмыссыз қалу, ауру, мүгедектік, төтенше жағдай және т.б.) растайтын құжаттар тізімімен бірге тапсыруы тиіс. Банк немесе микроқаржылық ұйым (МҚҰ) өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарауға міндетті, ал қарыз алушыға қарсы ұсынысқа жауап беруге кемінде 15 күн беріледі.

Қарыз алушы бас тартудың себептері немесе балама шарттар ұсынылған жауап алуы тиіс. Егер 30 күн ішінде тараптар келісімге келмесе, өтініш қабылданбаған деп есептеледі. Дегенмен бұл мерзімді екі тараптың келісімімен ұзартуға болады. Банктер мен МҚҰ әр тоқсан сайын реттеуші органға қаралған өтініштер, қабылданған шешімдер және бас тарту себептері туралы есеп беруге міндетті.

Жаңа редакция қаржы қызметтері тұтынушыларының құқықтарын қорғау туралы заң ережелерін жүзеге асыруға бағытталған және осал жағдайдағы халықтың қарыздық жүктемесін азайту мақсатында қабылданған.

Бұған дейін Қазақстанда несие төлемдерін кейінге шегеру бойынша бірыңғай және міндетті тәртіп болмаған. Қарыз алушы шарттарды өзгерту, төлемді кейінге қалдыру немесе қайта құрылымдау туралы өтініш жасай алатын. Бірақ заң несие берушіні, тіпті дәлелді себептер болса да, өтінішті қабылдауға міндеттемейтін. COVID-19 пандемиясы кезінде уақытша қаулылар енгізілген. 2020 жылы Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі МҚҰ мен банктерге пандемиядан зардап шеккен қарыз алушыларға несие төлемдерін кейінге шегеруді ұсынған еді.

Сондай-ақ Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі сарбаздар мен кейбір жағдайларда әскери жиындарға шақырылған резервистер де несие каникулын ала алады. Бұл шара әскери қызмет барысында олардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: