Бейсенбі, 09 мамыр, 15:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Ақтөбеде үйлерді су басты

26.03.2024

414 0

Сурет:massaget.kz

Көктемгі су тасқыны Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Тасқын су тұрғындардың үйлеріне кіріп, тұрғындар көшеде су кешіп жүр, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Қарауылкелді ауылының тұрғындары үйден шыға алмай отырғандарын айтады. Себебі ауыл ішіне кірген еріген қар суы үйдің ішіне дейін кірген. Тұрғындар көшеде су кешіп жүр.

«Жылда осы жағдай қайталанады. Былтыр да үйімізді су басқан. Биыл да міне, әбігерге түсіп отырмыз. Мен сыртқа шыға алмай отырмын. Су етіктен асып кетіп тұр. Үйдің ішіне кіріп жатыр. Қора, сарайдың бәріне су кірді. Сарайдың бір шеті құлады. Көршілеріміздің де жағдайы осындай», – дейді Барақ батыр көшесінің тұрғыны Гүлмира.

Ал Байғанин аудандық әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында аудан әкімі Айбек Көпенов жағдайдың бақылауда екенін айтты.

«Республикалық «Ақтөбе-Астрахан» тас жолының су өткізгіш құбырлары арқылы аудан орталығына дала суы кіріп, бірнеше көшеге жайылды. Шамамен төрт-бес көшені су басып, үйлердің аулаларына су келді. Аудан әкімдігі жанындағы штаб шұғыл әрекет етіп, қауіптің негізгі дені сейілді. Судың деңгейі қайтты», – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ аудан әкімі жұмыс тобы құрылғанын, аулалары суға кеткен үйлердің жағдайы зерттелетінін айтты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: