Сәрсенбі, 05 қазан, 03:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79 (1884)
04.10.2022
PDF мұрағаты

Еліміздің бірқатар өңірінде қатты аяз болады

30.12.2020

2745 0

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

30 желтоқсанда Солтүстік-Қазақстан облысында ауа температурасы 27-32 градус аязға дейін күрт төмендейді, түнде 31 желтоқсанда-01 қаңтарда 30-35, кей жерлерде 38 градус аяз болады.

30 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. 31 желтоқсанда-1 қаңтарда Ақмола, Павлодар облыстарында ауа температурасы 30-35, облыстың солтүгінде 38 градус аязға дейін күрт төмендейді.

30-31 желтоқсанда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. 31 желтоқсанда Қарағанды облысында ауа температурасы 25-30, кей жерлерде 35 градус аязға дейін, 1 қаңтарда 30-35, кей жерлерде 39 градус аязға дейін күрт төмендейді.

1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 31-36, кей жерлерде 39 градус аязға дейін төмендейді.

30 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 30 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі

30 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оралда 30 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Тағы да оқыңыз: