Шымкент тұрғындары шақырған жедел жәрдем көлігінің қай жерде келе жатқанын картадан бақылап отыра алады. Денсаулық сақтау министрлігі, Шымкент әкімдігі және Yandex Qazaqstan-мен бірге осындай жоба бастады, – деп хабарлайды kursiv.media
Бригаданың қызметін браузер картасынан, болашақта Яндекс Go қосымшасынан бақылай алады. Бұл диспетчерлерге түсетін жүктемені азайту керек дейді Yandex Qazaqstan жетекшісі Тимур Шалекенов.
Жедел жәрдем шақырғаннан кейін жүйе автоматты түрде SMS жібереді, ол жерде карта сілтемесі болады. Сілтемені ашып бригаданың қай жерде келе жатқанын бақылап отыруға болады.
Бастапқыда жаңа функция Шымкентте сынақтан өтеді, ал алдағы уақытта ол еліміздің барлық аймағында енгізілмек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
