Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 432 500 теңге көлемінде біржолғы төлем тағайындау туралы ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды kursiv.media
«2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ, белгілі бір ауруы бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылатын ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлайды министрлік.
Еңбек министрлігі қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын және мұндай таратылымдарды алаяқтар азаматтардың жеке деректеріне қол жеткізу үшін жиі қолданатындығына назар аударады.
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек қана 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
