Бейсенбі, 26 желтоқсан, 07:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Ер адамдар да алимент сұрауға құқылы

31.05.2023

796 0

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексте көрсетілгендей, алимент – бұл бір адам оны алуға құқығы бар басқа адамға беруге міндетті ақшалай немесе материалдық қаражат. Сондай-ақ алименттік қатынастар әдетте тек ажырасу процесіне тән құбылыс ретінде қабылданады және жиі ер адам ғана төлейді. Бірақ eGov.kz сайтының мәліметінше, төлеушілердің санаты әлдеқайда көп. Кім алимент төлеуге тиіс? Ерлі-зайыптыларға қатысты алимент төлеу жүктемесін тараптардың келісімі бойынша да, сот арқылы да белгілеуге мүмкіндік бар. Бұл жағдайда ерлі-зайыптылар ажырасуы да, бұрыннан некеде болуы да мүмкін. Себебі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 147 бабына сәйкес ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қамтамасыз етуге міндетті. Әйелдер жүктілік кезінде және жалпы бала туылған күннен бастап 3 жыл бойы алименттік төлемдерді талап ете алады (олар 18 жасқа толғанға дейінгі төлемдерді қоспағанда). Алайда ер адамдар да алимент сұратуға құқылы, бірақ ол үшін баланың болуы шарт емес. Мысалы, егер алимент сұратушы мүгедектігі бар азамат және көмекке мұқтаж адам болса, ерлі-зайыптылардың бірі екіншісіне алимент төлеуге міндеттеледі. Олар сот арқылы материалдық көмек сұрата алады. Сондай-ақ жұбайы көмекке мұқтаж болса, мүгедектігі бар 18 жасқа толмаған ортақ баланы тәрбиелеп жатса, сондай-ақ 18 жасқа толған ортақ баласында I-II топ мүгедектігі анықталса, алимент сұратуға құқылы. Тағы кім алимент алуға құқылы? Дереккөздің ақпаратынша, адамнан алимент өндіруді туыстары да талап ете алады. Мысалы, кәмелетке толған балаларға еңбекке жарамсыз ата-ананы асырауға материалдық көмек көрсету міндетін жүктеуге болады. «Егер балалары еңбекке жарамсыз ата-анасын өз еркімен асырамаса, онда ата-аналар алимент өндіру туралы сотқа жүгіне алады. Бұл ретте ата-ана бір баласына ғана емес, барлық баласына да алименттік жүктемені міндеттей алады. Алайда өз міндеттерін орындамаған ата-анаға қатысты сот оң шешім қабылдауы екіталай екендігін есте ұстаған жөн, әсіресе ата-ана болу құқығынан айырылған ата-аналар мұндай өтініш беруге құқығы жоқ», – деп жазады egov.kz. Дегенмен бұл заңның да ерекшеліктері бар – тіпті ересек балалар да материалдық көмекке мұқтаж болуы мүмкін. Мұндай жағдайда кодекстің 143 бабына сәйкес, еңбекке қабілетті ата-ана көмекке мұқтаж кәмелетке толған мүгедек балаларын асырауға міндетті. Келісім болмаған жағдайда сот алимент мөлшерін отбасының материалдық жағдайын ескере отырып белгілейді және АЕК еселенген болуы ықтимал. Ақша нақты қажеттіліктер үшін де, алдағы уақытта қажет болуы мүмкін болашақ қажеттіліктер үшін де талап етілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, алименттік төлемдер ерлі-зайыптының арасында кез келгеніне, сондай-ақ ата-ана мен балалары арасында тағайындалуы мүмкін. Демек әйелдер де сот шешімі бойынша жарының, ата-анасының немесе балаларының пайдасына төлем жасауға міндеттеледі. Бұған дейін Қазақстанда алимент қорын құру жоспары туралы хабарлаған болатынбыз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: