Жұма, 26 сәуiр, 08:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Есірткісіз өмір ғажайыбы!

03.11.2021

1689 0

     «Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ

тарапынан жарияланған байқауға»

Өмір – ғажайыпқа толы. Жаратушының әрбір күні үлкен сый. Кез-келген адам өмір жолында өз нәпсісімен күресіп өтуге міндетті. Өйткені өмір күрестен тұрады. Алайда қоғамда біздің тарапызмыздан кетіп жататын оқылықтар қаншама. Иә, кейде  пенде болғанан кейін бе, пендешілікке салып бірде абайсызда, бірде әдейі қателіктерге бой алдырып жатамыз. Біріміз бұның орнын толтыруды ойласақ, енді біріміз бір басқан шоқты екінші басқымыз келіп, құмартып тұрамыз. Осындай кішкене ғана деп қараған, ескерусіз оқылықтар мен қателіктер тамшыдай құралып, көлдей көңілімізге қояу салып, соңында шешімі заң өкілдеріне жүгінуге тура келеді.

Қоғамда күн санап ушығып, тамыры тым тереңге бойлап бара жатырған әлем дертіне айналған есірткіге тәуелділік жайында айтпай, айналып өту мүмкін емес. Қоғамға көз тастасаң жас жеткіншектен бастап, ақыл тоқтатқан үлкендерімізге дейін осы есірткінің айдауына ұшарған.мұның себебін «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын»,-деген хакім Абайдың сөзі дәлел. Бұл бір мәселе болса, екінші жағынан өз баласына сырлас бола алмаған ата-ананың да кінәсі секілді. Одан соң қоғамды кінәлі ету де үлкен қателік.

«Бала көргенін істейді», – дейді дана халқымыз. Жас жеткіншекке не көрсетіп, не айтсақ соны әдетке айналдырады. Себебі ол біз көрсеткен жақсы мен жаманды қатар сіңіріп алуға биім тұрады. Тәрбие де сол секілді. Отбасы  ішінде болады. Оны кім қалай беріп жатырғанын көре алмайды. Кейін тамыры арқылы сіңіріп, бойына дарытқанан соң ғана жайқалған жапырағы арқылы көрініс табады. Ал егер топырғында құнар жоқ, тамыры нәр бере алмаған болса күзде көңіл бөлудің керегі жоқ. 

Міне, осыдан кейін ғой көк түтінге оранып, есірткіге деген тәуелдікке есіктің айқара ашылатыны. Ал біз оған түн тыныштығын кірпік қақпай күзеткен қорғаушы мамандарды айыптап, кінә артамыз. Жақынымен жақсы сырласып, сенім арта алған адам ғана басқаларға да сенімін арттыра алады. «Сөзіңді түзе, сөзің – әдетіңе, әдетің – мінезіңе, мінезің – тағдырыңа айналады», – деп Шәкәрім босқа айтпаса керек-ті. Сол үшін де өзің өмір сүретін қоғамды есірткісіз, айналаңа деген ізгі ниетпен сәнде.

Гүлсәнім Тәжібаева,

№111 орта мектеп оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: