Жексенбі, 28 сәуiр, 22:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Ғибратқа толы Рамазан айы

21.03.2024

500 0

​Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Ораза тұтқан оқу орнының қызметкерлеріне ауызашар берілді. Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова жиналған қауым алдында сөйлеген сөзінде Қасиетті Рамазан айының халықты береке-бірлікке шақыратынын айтты. Ислам дінінің өркениет құндылықтарын, бейбітшілік ұғымдарын насихаттайтынын атап өтті. Оқу орнының қонағы Біріккен Ұлттар Ұйымының экология және әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кеңесшісі, Орталық Азиядағы волонтері Роберто Болтри Наурыз мерекесімен құттықтап, іс-сапары қазақтың ұлттық мерекесіне орай сәйкес келгеніне қуанышты екенін жеткізді. Университет ардагерлері ақ батасын беріп, құран бағышталды.
Сауабы мол берекелі дастархан басында Рамазан айының қасиеті ұлықталып, ораза ұстаудың дәрежесі дәріптелді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: