Жексенбі, 06 қазан, 03:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Электронды қызмет – ел игілігіне

26.12.2020

2484 0

Бүгінде цифландыру жүйесі қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл бағытта қалада жаңа орталық ашылды. Енді тұрғындар «Электронды қызметтерді өздігінен алу» орталығы арқылы өз-өзіне қызмет көрсетеді. Жаңа орталықтың ашылуына қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Рафхат Бисенов қатысты.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді халыққа қолжетімді ету мақсатында жүзеге асқан жоба көпшілікке тиімді болмақ. Осы кезге дейін мұндай қызмет түрін алу үшін қала әкімдігіне қарасты мекемелерде 15 «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышы ашылған болатын. Цифрландырудың тиімділігі елдегі індет жағдайында ерекше байқалған. Ал жыл басынан бері электронды нұсқада 46 мың 184 өтініш қабылданған екен. Сондай-ақ қала әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекемелер тұрғындарға 80-ге жуық қызмет түрін көрсетсе, оның 59-ы электронды түрде жүзеге асқан.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік коорпо­рациясының Қызылорда облысындағы филиалының директоры Айдын Қайруллаев электрондық қызмет тұрғындарға тегін көрсетілетінін жеткізді. Бүгінде орталық қызмет алуға қажетті техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: