Сейсенбі, 23 сәуiр, 21:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ұстаздар ұсынысын жеткізді

29.12.2020

3139 0

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ибадулла Құттықожаев, Нұрлан Тұрғанбаев, Ердос Әбдісаттаров «Ақмешіт» институты ғимаратында ұстаздармен кездесіп, сайлауалды бағдарламарының негізгі бағыттарын жеткізіп, тәрбиелік мазмұнына тоқталды.

  Үміткерлер бүгінгі білім берудің маңызды тұстарын айтты. Жан-жақты тұлға тәрбиелеп шығу педагогтің қолында екенін тілге тиек етті. Алдымен сөз алған Ибадулла Құттықожаев мемлекет тарапынан білім саласына ерекше көңіл бөлініп отырғанын,оның ішінде ұстаздардың жалақысы жылдан-жылға көтеріліп келе жатқанына тоқталды.

   – Мемлекет басшысының 1 қыркүйек 2020 жылғы жолдауында ұстаздардың жалақысы келесі жылдан бастап 25 пайызға өсетіні айтылды. Мемлекеттің де «Nur Otan» партиясының да алға қойып отырған мақсаты білім және медицина саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету болып отыр. Өйткені дәрігер адам жанының арашашысы болса, ұстаз адам жанының инженері. Ұстаздың берген тәрбиесінен, білімінен барлық адам нәр алады. Партияның сайлауалды бағдарламасында білім саласына қатысты көптеген жұмыстар жүзеге асырылатыны жазылған, – деді қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ибадулла Құттықожаев.

Одан соң Нұрлан Тұрғанбаев бағдарламада көрсетілген білім беру бағыты бойынша оқытушыларға баяндады.

Барлық деңгейдегі сапалы білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету қаланың одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады.

– Қалада үш жастан асқан балалар 100% бала орындарымен бақша орындарымен қамтамасыз етілген, апатты жағдайдағы мектептер жоқ. 3 және 6 жас аралығындағы балалар мектепке дейінгі біліммен 100% қамтылған, – деді ол.

Жиында ұстаздар қауымы толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Үміткерлер тарапынан «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен мемлекеттік жобалардың ұтымды тұстары айтылып, болашақ жоспар нақтыланды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: