Жексенбі, 19 мамыр, 06:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Кеңес отырысында маңызды мәселелер қаралды

18.09.2023

412 0

Жуырда Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің үшінші отырысы өтті.

Отырыстың модераторы – Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері Нұрмұрат Ерманов болды. Іс-шараға облыстық, қалалық, аудандық Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары мен мүшелері қатысты.

Кеңес отырысында екі маңызды мәселе қаралды. Бірінші аймақтағы ана мен бала денсаулығы, екінші Қармақшы ауданы бойынша этносаралық қатынастардың ахуалы талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары  Мая Мирзанова тоқталды. «Үстіміздегі жылдың 8 ай көлемінде – 13448 жүкті әйел тіркелді. 12945 сәби дүниеге келді. Жалпы республикалық деңгейде салыстырғанда Қызылорда әйелдерінің денсаулық индексі 1,5 есеге төмен. Себебі жүкті әйелдердің 80 пайызға жуығы акушерлік асқыну, тіптен цирроз ауруымен ауыратындары бар. Аймақта жүкті әйелдердің басым бөлігінде қаназдық, қан қысымы, бүйрек, жүрек-қан тамырлары, эндокриндік аурулар жиі кездеседі. Әсіресе инфекциялық аурулар кең тараған. Жүктілік кезіндегі асқынулар ана денсау­лығымен тығыз байланысты. Болашақ ананың күтінбеуі, денсаулығына салғырт қарауы салда­рынан баланың шала тууы, туа бітті ақаумен өмірге келуі мүмкін. Сондықтан алдын ала ем-домын жасап, әйел ағзасы дайын кезде ғана жүктілікті жоспарлаған жөн. Әрбір ана болашақ ұрпағының саулығына әу бастан мән бергені дұрыс » – деді.

Кеңес отырысы алдында қала аналары арасында Ақсақалдар кеңесі жүргізген сауалнамаларына сәйкес, өңірдегі медицина саласына тұрғындардың көңілі толмайтыны айтылған. Осы ретте кеңес төрағасы мен мүшелері облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары  Мая Мирзановаға бірнеше өзекті сауалдарды қойды. Соның ең маңыздысы – маман тапшылығы, білікті дәрігерлердің жетіспеушілігі қынжылтатынын алға тартты.

Өз кезегінде Мая Мирзанова облыс бойынша 9 акушер-гинеколог, 4 неонатолог және анестезиолог-реаниматологтардың тапшы екендігін алға тартып, медицина мамандарына баспана мәселесін шешуге қолдау білдірілсе деген ұсынысын айтып өтті.

Кеңестің екінші мәселесі төңірегінде Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Ғарышбек Нысанбаев  айтып берді. Ол аудандағы этносаралық ахуалы тұрақты және аудан тұрғындары біте қайнасып, тату тәтті ғұмыр кешуде дей келе, осы бағытта атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып өтті.

Кеңес мүшелерімен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарға қатысты ұсыныстар мен пікірлер айтылып, кездесу қорытындыланды.

«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: