Сейсенбі, 24 ақпан, 23:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Коалиция мүшелері «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

24.02.2026

57 0

Фото: Қызылорда Облыстық Мәслихаты

Шиелі ауданында өткен ақпараттық насихаттық жұмыстар барысында республикалық өңірлік коалиция мүшелері Нұртөре Жүсіп, Руслан Рүстемов, өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов, аумақтық коалиция жетекшісі Мұрат Тұрабаев және коалиция мүшелері «Есіктен есікке» акциясына қатысты.


Олар ардагерлердің үйлерінде болып, жаңа Конституция жобасына енгізілген өзгерістермен нормаларды түсіндірді.
Өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов өз сөзінде «Жаңа Конституция жобасы – қоғам сұранысына жауап беретін маңызды құжат. Оның басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғау және мемлекет пен халық арасындағы сенімді нығайту. Әрбір тұрғын өзгерістердің мәнін түсініп, ел болашағына бейжай қарамауы тиіс», – деп атап өтті.
Ал Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Руслан Рүстемов Жаңа Конституция жобасының кең ауқымды ашық әрі жария талқылаудан өткенін ерекше атап өтіп, реформалардың өңірлік дамуға тигізер ықпалына тоқталды.
Акция барысында ардагерлер қауымы белсенділік танытып, ой-пікірлерімен бөлісті. Олар алдағы референдумның ел бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудағы және мемлекетіміздің болашақ даму бағытын айқындаудағы маңыздылығын жеткізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: