Дүйсенбі, 25 қараша, 08:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Көк теңіздің қайсар ұлы

08.04.2023

654 0

Осы сәтте балғын жастық шақтың жиыр­масындағы алғашқы кездесу сәтіміз еске түсіп, естелікті жазуды осыдан бастасам деп ой түйіндедім…

1969 жыл. Арал аудандық балық өнеркәсібі (Аралрыбпром) комсомол ко­митетінің секретары кезім. Ауданның балық шаруашылығы саласының қыр-сырларымен танысу, білісу, жастармен сыр­ласу, үздіксіз ел аралау, жастар баста­маларына үнемі қолдау көрсету, өзіңді өзің қамшылап талап деңгейінде болуға міндет қою басты жұмыс бағдарламасы болды. 

Тынымсыз уақыт кезеңі. Күз бола комсомол ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары өткізіліп, бес жылдық қорытындылары шығарылатын жеңіс тұ­ғырына шығу жолындағы социалистік жарыс өріс алған кез. Менің есімде ерекше болып қалған Қуаңдария балық аулау базасының комсомол жастар жиналысы еді. Жалпы қандай деңгейдегі басшы болсын, аудан болсын, ауыл болсын басшысы қандай болса, шаруасы сондай болары анық. Бұл – дәлелдеуді қажет ет­пейтін қағида. Қуаңдария балық аулау базасының сол кездегі директоры Жанасыл Әлжанов, партия комитетінің секретары Әлімжан Жүгінісов, кәсіподақ комитетінің төрағасы Толыбай Ұйқасов, комсомол комитетінің секретары Бегімбай Ұзақбаев еді.  Аралдан  Қаратереңге жетуім оңай шаруа емес, бұның алдында Бөген балық аулау базасында комсомол жиналысына қатысып, жүк машинасымен Қарашалаңға жетіп, ескекті қайықпен канал арқылы Сырдарияның арғы бетіне шықтым. Жеті шақырымдай жаяу жүріп, Қаратереңге баруым керек. Не болғанда да белгіленген уақытта межелеген жерге жетуім үлкен жауапкершілікті қажет етті. Жиналыс сол кездің сөзімен айтқанда үлкен саяси өрлеу үстінде, жастардың белсенділігі дәрежесінде өтті. Базаның 171 комсомол мүшесі түгелдей қатысты, Қасқақұлан аралынан теплоходпен жеткізілген, мәдени шаралар дайындалып, мерекелік дәрежеге жеткен. Екі бірдей Тәжібике Сұңқашова, Балқия Ысқақова басқаратын балық өңдеуші комсомол-жастар бригадасы бес­жылдық жоспарын орындағандары жөнінде  рапорттар тапсырды. Сол жылы болған Қазақстан комсомолының ХІІ съезіне Тәжібике Сұңқашова делегат болып қатысып, Орталық Комитетке мүшелікке сайланса, Балқия Ысқақова об­лыстық комитетке мүшелікке сайланып, Бегімбай Ұзақбаев Арал аудандық балық шаруашылығы комсомол комитетінің бюро мүшесі әрі штаттан тыс секретары болып сайланды.

Алғашқы кездесудегі Бегімбайдың ал­ғырлығы, ізденімпаздығы, іскерлігі, ауыл жастарының өмірлік толғаныстарын жете меңгерген азамат болып қалыптасып келе жатқанына әбден көзім жеткендей болды. Аудандық балық өнеркәсібі комсомол комитетінің секретарының орынбасары, бюро мүшесі болуы өзін танытудың өзіндік мектебінің мәртебесі еді. Өмір тауқыметін көп көрген жанның шыңдалуына шы­найылық әрдайым бой көрсетсе, оның өміршеңдігі де ұзақ болары айдан анық нәрсе. Бұл ретте анасы – Сәнім апайдың байсалды қалпымен ақылға толған нұрлы жүзінен көп нәрсені аңғарып қана қоймай, өз ұрпақтарының жан-жақты өсіп жетілуіне ден қойып отырғанына Қосаралдың Кәрітыма көлінің жағалауындағы шеткі бір ескі үйіндегі қарапайым дастархан басындағы жүздесу сәтінен байқаған едім. Бұл кездесу өзгеге де, өзіме де сабақ боларлық тәлім алған уақыт болды.

Содан бері де елу төрт жыл уақыт өтіпті. Әрбір өткен уақытты таразы басына салып, тереңнен ой толғасақ Бегімбай Ұзақбайұлы алдына мақсат қоя отырып, оған жету жолындағы талпыныстары оңай болды деп айта алмаймын. Қарапайым тіршілік көзі, мектептегі ұстаздық қыз­метін атқара жүріп, бойдағы бүр­шік атып келе жатқан журналистік мамандықты игеруге бар ынта-жігерін арнады. Ол мақсатына да жетті. Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің журналис­тика факультетін ойдағыдай аяқтап, творчестволық ізденіспен жұмысын одан әрі жалғастыра берді. Қайнаған еңбектің ортасында жүріп, адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу арқылы еңбек адамдарының болмысын шынайылықпен бейнелеп, ауданы бар, облысы бар, республикалық бұқаралық ақпарат беттерінде көрсетуден жалыққан емес. Өзінің туып-өскен ауылының ерек­шеліктерін қалың жұртқа жеткізуді бас­ты мақсат етті. Сонау патшалы Ресей заманында өзінің прогресшіл көзқарасы үшін айдауға жегілген Т.Г.Шевченконың өмір жолы да Бегімбайға әсер етпей қоймады. Украинаның ұлы ақыны Т.Г.Шевченконың осы аймақта болып, қызмет жасауы мен сурет салу өнеріне деген жұмыстары да болашақ журналист-жазушының осы салада да біршама із тастағанын білеміз. Егерде өзіңіз Қаратерең ауылында жылдың төрт мезгілінде болып, табиғат аясын тамашаласаңыз Сырдарияның Арал теңізіне құяр саға­сындағы керемет көріністерге куә болар едіңіз. Табиғаттың тылсым күшін өз бойынан сезінген адамдарға бойдағы бар таланттың бүршік атып, жеміс беру сәтін Жер-Ананың өзі-ақ сыйлайтыны анық. Тарихи деректерге сүйенсек, жер бетіндегі бүкіл қаланың өзендер мен теңіз жағалауларында салынып, онда өмір сүр­ген озат ойлы адамдардың адамзаттың мәдени мұраларының негізделіп қалуына ықпал жасағаны шындық. Жер бетіндегі биік таулардың бірегейі Тәңір тауының қайнар бұлақтарынан бастау алатын Сырдария өзенінің мыңдаған шақырымға со­зылған кең арнасының құнарланған мол суы кезінде Керделі және Көк теңіз атал­ған Арал теңізіне жетіп, қалың елдің ыр­­зық-несібесіне айналған киелі орын – Қа­ратереңнің перзенттерінің тегін бол­мауы табиғи жаратылыстың болмысы екені даусыз.

Жас азаматтың өмір жолы кең байтақ еліміздің саясат сахнасынан тысқары бо­лып қалуы мүмкін емес еді. Сол кездің қоғам талабының сұранысы осылай болған-ды. Алматы қаласында жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болып, өзінің бұрынғы журналистік мамандығының қыр-сырын терең зерделеумен қатар қоғамдық дамудың заңдылықтарын меңгеруге тура келді. Орталық партия комитетінің жолдамасымен Қызылорда облыстық партия комитетінің аппаратына, насихат және үгіт бөліміне жауапты жұмысқа орналасады. Бұл ортада жұмыс істеу, бұқара халықпен араласа отырып, олардың мұң-мұқтаждарын зерттеу арқылы тиісті шешім қабылдатуға ықпал жасау партия қызметінің төл міндеті екенін білеміз. Бұл жұмысты да абыройлы атқарған Бегімбай Ұзақбайұлы қызметтің келесі саласы әрі сол кез үшін қиын да күрмеулі тұстары көп діни жұмыстарға қатысты басқарма жұмысына басшылық жасау міндеті тұрды. Ол – Совет Одағы министрлер советінің Дін істері жөніндегі облыс бойынша уәкілі болған-ды. Қоғам болса ұлы өзгерістер жасаудың алғышарттарын біртіндеп енгізіп жатқан уақыт. Бұрынғы қалыптасқан дәс­түрге сай коммунистік идеология мен хал­қымыздың байырғы діни ұстанымдарын қайшылықтарсыз өмірге енгізу жаңа бас­шыға оңай түскен жоқ. Қаншама талас-тартыстың көзге көрінбейтін іс-әрекет­теріне куә болған Бегімбайдың қажыр-қайратының, ұстамдылығының арқасында Қазақстан Мұсылмандар қоғамы басшылығының ұсынысын дәйек­ті түрде қолдай отырып, орталығы Ташкент қаласында болған Орталық Азия республикалары мұсылмандар қауымынан бөлініп шығып өз алдына республикада дербес мұсылмандар қоғамдастығының ашылуы еді. Бұл жұмыстарды үйлесімді­лікпен, асқан жауапкершілікпен атқару азаматтың азаматына артылған сенім болған-ды. Ойлап отырсақ, осындай тынымсыз уақыт кезеңінде қайдан уақыт тауып, соншама қырықтан астам шы­ғармалары кітап болып шығып, жеті том тарихи романдар жазып, батыл қадам жасау кез келген адамға беріле салған табиғаттың сыйы емес екені даусыз. Ол тек қана өзіне-өзі қойған талапшылдығы, ізденімпаздығы, қажырлы еңбегінің нәти­жесінде болған жеңісті күндерінің жемісі еді. Көркем әдебиет болғанда да кез келген жазушымын деген ірі тұлғалардың да батылы жете бермейтін тарихи романдар жазу оңай жұмыс емес. «Жалаңтөс» ро­маны жарыққа шыққанда кітаптың алғы­сөзін қазақтың маңдайына біткен тар­ланбоз энциклопедиялық тұлға, терең мұхит тәрізді білім мен әдет-ғұрыптың сарқылмас бұлағы ретінде танылған, Алаштың абызы, қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Әбіш Кекілбаевтың жазуы Бегімбайға қолдау көрсетумен қатар, талантты жазушы ретінде мойындағаны деп ойлаймын. Бекең, Бауыржан Омарұлы айтқандай «Алтын шыққан жерді белден қаз» дегендей Қарабура әулие, Марал баба, Сопы Әзіз би, Сартай батыр, Байзақ батыр туралы тарихи романдар жазып, оқырмандарына жол тартқанына куәгерміз. Тұтас бір дәуірдің ел басқарған тұлғаларын қалам ұшында халыққа өз дәрежесінде жеткізе білу кез келгеннің қолынан келе бермесі анық. Сан ғасырлық тарихы бар ел билеген тұлғалардың, әулие-әмбие бабаларымыздың өмір жолымен сол замандағы саяси ортаны нақышына келтіріп суреттеулері кітап оқырмандарынан лайық­ты бағасын алғаны да шындық. Себебі халқымыздың тарих беттерінен терең сыр шертетін бұл туындылар әлі талай ұрпаққа жол тартып, өміріне өнеге, біліміне қосшы болары сөзсіз.

Бүгіндері өзінің жетпіс бес жас ғұмы­рының жарты ғасырлық тарихты қамтитын шығармашылық жолы – таусылмас қазына. Сыр бойының қазыналы да белсенді азаматы ретінде  еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысушы ардагер ретінде көпшілікке танымал тұлға. Облыстық Қазақстан халықтары ассамблеясының жанындағы ақсақалдар қауымдастығының мүшесі, Қазақстан жазушылар және жур­налистер одағының мүшесі.

Ұлын ұяға, қызын қияға қондырғын қаламгер досымыздың жан-жары Күнипа­мен бірге жеті бала тәрбиелеп өсіріп, жиырмадан астам немере сүйіп, әкелік мейірімін бөліп жармай тең шапағатын бөлген жазушы 75 жасқа шыққалы отыр. Егер уақытты артқа тастап бағам­дар болсақ, тұтастай 60 жылы еңбек­ке, шығармашылыққа арналыпты. Жазушы­ның жанкешті жұмысын күні-түні көз майын тауысып, бүкіл жан дүниесін арна­ған азамат қана түсінуі мүмкін. Кітап – қаламгердің белінен шыққан бір баласы секілді ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған ру­хани өсиеті. Сондықтан да айтарымыз, Беке, шығармашылық ізденісіңіз жалғасын таба берсін, шабытыңа шабыт қосылып, ұзақ ғұмыр кешіңіз демекпіз.

Сіз Сыр бойының құрметті азаматы атанып, осы заманғы қазақ әдебиеті мен өнерінің еркін қанат жаюына сүбелі үлес қосқан айтулы азаматы болып қана қоймай, елдің ауызбіршілігі мен ынтымағын жарас­тырған абыройлы ақсақалдарының бірі ретінде көпшілік мойындаған қоғам қайраткерісіз. Еліміздің болашағына деген сеніміңіз берік екенін өскелең ұрпақ өкілдерімен әрбір кездесулерде айтып жүргеніңізге куәгер бола отырып, Арал теңізі мен қасиетті Сырдарияның қосылған жеріндегі елшілік ордасы –тарихи тұлға Көшімханның туған жері, Сібір хандығының қазығын қағып, соның негізін қалаған жері Қосаралдың бұйра қара шашты, қыр мұрынды, өршіл, та­лантты, кәсібиліктің бар саласын игерген ( теңізді де, аспанды да, жерді де) сегіз қырлы, бір сырлы болып өсіп келе жатқан жас өскін жандардың сүйікті ұстазына сай бола беруіңе тілектестігімізді білдіреміз. Әрдайым кітап оқырмандарының өзіңе де­ген сенімі жаныңа үнемі серік болсын, достым!

Сайлаубай ӘБІШЕВ,

«Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы»  төс белгісінің иегері, Қызылорда қаласы мен Арал ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласының

«Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы»  төс белгісінің иегері, Қызылорда қаласы мен Арал ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласының Құрметті ардагері

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: