Сәрсенбі, 25 ақпан, 20:15

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

«Көктем-2026» республикалық оқу-жаттығуы өтеді

25.02.2026

36 0

Фото: Қызылорда өңірлік коммуникация қызметі

25 – 27 ақпан аралығында облыс аумағында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілетін болады. Оқу-жаттығудың республикалық штабы Астана қаласында өтсе, облыстық штаб және практикалық кезеңі Қызылорда қаласында өткізіледі. Бұл туралы облыстық ТЖД бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров мәлімдеді.

-Алдағы кешенді оқу-жаттығудың басты мақсаты – азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарын жетілдіру. Бұл шара барысында күштер мен құралдардың өзара үйлесімді жұмысы, жедел әрекет ету мүмкіндігі және материалдық-техникалық дайындығы жан-жақты тексеріледі. Оқу-жаттығу практикалық тапсырмалармен ұштасып, бөлімшелердің нақты жағдайда әрекет ету қабілетін шыңдауға бағытталған. Нәтижесінде жауапты қызметтердің дайындық деңгейі бағаланып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті шаралар қабылданады. 25 ақпанда Қызылорда облысының азаматтық қорғау қызметтерінің күштер мен құралдарына саптық қарау жүргізіледі. Ал 26 ақпанда Қызылорда қаласы Талсуат елді мекенінде практикалық іс-шаралар пысықталатын болады. Департаменттің Дағдарыс орталығында командалық штабтық ойындары мен қорытынды жиналыс 27 ақпанға жоспарларған,- деді Бекболат Қайырбекұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: