Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Көлік инфрақұрылымы – экономиканың негізгі тірегі

05.11.2024

506 0

Бүгінде облыс аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 202 қалааралық автобус ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Ташкент қаласына халықаралық бір бағыт, Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе және тағы басқа қалаларға облысаралық 13 автобус маршруты жүреді. Маршруттарда барлығы 30-дан астам заңды және жеке тұлғалар әр түрлі сыйымдылықтағы 1069 автобуспен жолаушыларға қызмет көрсетуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықов хабарлады.

– Автовокзал, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне енгізілген Қызылорда қаласы мен аудан орталықтарындағы 1 автовокзал және 8 автостанса ауданаралық маршруттар арқылы халыққа қызмет көрсетуде. Қызылорда қаласының қоғамдық көлік мәселесін шешу бағытында табиғи газ отынымен қозғалатын 300 дана автобус алынды. Бүгінгі таңда «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық 32 маршрутты қамтып отыр. Экотакси қызметін құру жобасы бойынша жоспарланған 100 электромобиль толығымен келді. Оның 52 электромобиль Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде, қалған 48 электромобиль кейін жеткізіліп, қазіргі таңда, электромобильдерді мемлекеттік тіркеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Жәнібек Шәкімбайұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: