Бас әскери прокуратура мерзімді әскери қызметшілердің әскери қызмет өткеру кезеңіндегі кредиттік міндеттемелеріне қатысты жаппай құқықбұзушылықты анықтады. Бұл туралы ведомствоның 2026 жылғы 25 ақпандағы мәлімдемесінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың мәліметінше, мыңнан астам сарбазға кредиттік төлемдер бойынша кейінге қалдыруды рәсімдеу уақыты жүргізілмеген. Бұл мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар туралы мәліметтер алмасу мәселесінде мемлекеттік органдар мен банк ұйымдары арасында тиісті өзара іс-қимылдың болмауына байланысты орын алған.
«Әскери прокурорлардың араласуынан кейін мерзімді әскери қызметшілердің құқықтары қалпына келтіріліп, 300 млн теңгеден астам сомаға кредиттік міндеттемелерді орындау мерзімі кейінге қалдырылды»,- делінген ақпаратта.
Қадағалау актісі негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тарапынан банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен әскери қызметшілердің құқықтарын бұлжытпай сақтау бойынша тиісті жұмыс жүргізілгені атап өтілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
