Жұма, 04 қазан, 07:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Лауазым үшін екі миллион теңге: Шенеунік алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

25.01.2021

6823 0

Жамбыл облысы Еңбек комитетінің департамент басшысы жұмыста лауазым көтеруге көмектескені үшін екі миллион теңге алды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Алаяқтық және лауазымды тұлғаларға пара беруге айдап салушылық күдігі бойынша өзінің қарамағындағы қызметкерден оны департамент басшының орынбасар лауазымына тағайындауға жәрдем көрсеткені үшін екі миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта күдіктінің ісі сотқа жолданды. Түпкілікті шешімді сот шығарады», – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: