Жексенбі, 22 желтоқсан, 06:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Малдың жаппай қырылуы тіркелді

25.07.2023

660 0

Павлодар облысының Железин ауданында ірі қара малдың жаппай қырылу дерегі тіркелді, – деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Башмачный ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде 37 сиыр уланып қалды. Қазір мән-жайды арнайы комиссия анықтап жатыр. Малдың нақты неден қырылғаны зертханалық тексерістен кейін белгілі болады.

Төрт түліктен сынама алынып, мамандарға тапсырылған. Сонымен қатар жайылымдық жердегі шөп, топырақ пен судың сынамалары алынды. Әзірше ірі қара «өрістен уланған» деген болжам бар. Себебі жақын маңда зиянкес жәндіктерге қарсы химиялық заттармен өңделген картоп алқаптары орналасқан. Егер малдың қауіпті дерттен қырылғаны дәлелденсе, иесіне заң бойынша өтемақы төленуге тиіс.

«Мал қырылған жайылым маңында картоп алқаптары бар. Бұл жердегі көкөністер пестицидтермен өңделген. Бұл зат малға аса зиян. Екіншіден, сиырлар «фитоулардан» улануы мүмкін. Жаңбырдан соң улы өсімдіктер шығады. Осындай 2 болжамымыз бар», – деді Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Асылтас Тілеубаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: