Топ-баннер2

Сейсенбі, 10 наурыз, 12:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізіледі

10.03.2026

47 0

Фото: pixabay

Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

– Қала құрылысы құжаттарын қабылдау процестерін орталықтандыру мақсатында Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу көзделіп отыр. Ол талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды беру мүмкіндігін шектейді. Қазірде қала құрылысы кадастрының цифрлық базасы еліміз бойынша барлық 89 қаланың жобаларын және инженерлік желілердің 94 пайызын қамтиды. Сондай-ақ оған жалпы аумағы 824 мың гектар болатын жерлердің цифрлық топографиялық деректері енгізілген. Пилоттық жоба аясында аталған цифрлық жүйе арқылы әкімдіктер бастапқы рұқсат құжаттарын беру, эскиз жобаларды келісу және техникалық шарттарды беру сияқты 146 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті, – деді министр.

Алайда оның айтуынша, рұқсат беру процесін сапалы автоматтандыру үшін әкімдіктерге қалалық жоспарлау құжаттарын жаңартуды жеделдету қажет.

– Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс қарқыны ең төмен өңірлер қатарына Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары және Абай облысы кіреді, – деді Ерсайын Нағаспаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: