Бүгін Жалағаш ауданындағы жұмыс сапары барысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстан Халықтық Конституциясы үшін!» республикалық және өңірлік коалиция мүшелері «Мираж шаруа қожалығында болып, шаруалармен кездесу өткізіп, конституциялық өзгерістердің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы мен алдағы референдумның маңызын талқылады.
Кездесуге Жалпыұлттық коалиция мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Руслан Рүстемов, Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов және облыстық мәслихат депутаты, өңірлік коалиция мүшесі Әмірбек Шаймағамбетов, сондай-ақ, аумақтық коалиция жетекшісі Өмірзақ Елеусінов, аумақтық коалиция мүшелері Қаншагүл Мұстафаева және Гүлзат Құрманбаева қатысты.

Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы, өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов өз сөзінде конституциялық реформалардың басты мақсаты әділетті әрі тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту және өңірлердің дербестігін арттыру екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол референдум халықтың ел болашағына тікелей ықпал ететін маңызды саяси қадам екенін жеткізді.

Жиында сөз алған Руслан Рүстемов пен Нұртөре Жүсіп заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту және билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нақтылау – Жаңа Конституцияның басты басымдықтарының бірі екенін, жаңа жоба саяси жаңғыру үдерісінің заңды жалғасы екенін айтты.

Кездесу барысында шаруалар бірқатар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды. Өз кезегінде коалиция мүшелері көтерілген мәселелерге жауап беріп, алдағы уақытта да халықпен ашық диалог жалғасатынын жеткізді. Қатысушылар референдумның ел болашағын айқындайтын тарихи шешім боларына сенім білдірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
