Жексенбі, 22 желтоқсан, 08:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Мүмкіндігі шектеулі жастарға шексіз мүмкіндіктер

15.05.2024

618 0


Мүмкіндігі шектеулі жастардың мәселелерін шешу және әлеуметтік жағдайларын жақсарту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Кез келген тұлға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандар қоғам мен адамның көмегіне, қамқорлық пен махаббатқа құқығы бар. Өңірдегі мүгедектігі бар жастардың белсенділігін арттырып, қоғамдық қызметке тарту да сіз бен бізге артылған үлкен жауапкершілік.
Осы мақсатта ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының «Инклюзивті қоғам дамыту» гранты аясында «Қызылорда өңірінде еңбекке қабілетті мүмкіндігі шектеулі жастарды креативті өнерге тарту» жобасы желісінде «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өз қолыңмен жасауды үйретемін» оқыту-курсы бастау алды.
Аймақтағы 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жастар, №187 М.Шоқай атындағы ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің мүмкіндігі шектеулі оқушылары мен студенттерге бүгін «Kyzylorda Hub» бизнес-инкубаторының өңірлік менеджері Жанарыс Тубекбаевтың тренерлік етуімен «Жасанды интеллект» (манкинг), фигма, канва, цифрлық контент, графикалық веб-дизайн (ноу код) тақырыптары бойынша алғашқы кіріспе сабағы өтті. Сабақта сандық технологиялар жөнінде алғашқы түсінік, сабақтың жүргізілу барысы түсіндіріліп, қатысушылар жаңа білімге ерекше қызығушылық танытты. Сабақ барысында мектеп оқушысы Нұржан Алдабергенов өз қабілетін пайдаланып, алғашқы видео-контентін әзірледі.
Сонымен қатар, №7арнайы түзету мектеп-интернатының жоғары сынып тәрбиеленушілеріне Қазақстан қолөнершілер одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының магистрі Айдана Әлайдарқызы мен Бағжан Гәжденбекқызы «Этноөнер» курсы бойынша алғашқы дәрісін өтіп, құрғақ жүннен оюланған панно жасау әдісін үйретті.
Қоғам әрдайым көмекке мұқтаж жандарға қол созуға әзір. Ал өмірге құлшынысы жоғары, ықыласты ерекше жандарға қолдау білдіру – азаматтық пен адамдық. Жастар алдағы уақытта үш ай көлемінде оқыту курсынан өтіп, алдағы өмірге қажетті жаңа дағдыларды меңгеретін болады. Сол арқылы аймақтағы креативтік индустрияның дамуына үлес қосып ғана қоймай, жастардың жаңа қызмет түрлерін меңгеріп шығуына мүмкіндік тумақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: