Жексенбі, 28 сәуiр, 11:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Не ажырасамын, не өзгеремін»: Жазира Байырбекова

27.06.2023

1012 0

Қазақстандық белгілі жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира “Төртеу түгел” бағдарламасында дағдарыс кезеңдерін бастан өткергенін баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Бізде де бір дағдарыс болды. Ондай  жағдай әр отбасында болады. Жанболат маған бір нәрсе айтып еді, мен қылт етіп күйзеліске түсіп кеттім. Ешқандай айқай-шу, ұрыс-керіс болған жоқ. Сонда менің жан дүнием: “Жазира, өзгер. Өзгермесең ажырас” деп сөйледі. Ал санам: “Бәрі дұрыс қой. Не болды сонша?” деп ішкі дауысыммен арпалысқа түсті. Менің алдымда екі таңдау тұрды: не ажырасамын, не өзгеремін. Жанболатқа келіп: “Мен өзгеремін. Мұнда сенің ешқандай кінәң жоқ. Мен сенің алдыңда не айтсаң соны істеп, сенің рұқсатыңсыз ешқайда шықпай, өзімді тек жұмысқа арналған әйел сияқты ұстаппын” дедім. Біздің жұмыстан қолымыз босай сала, отбасымызға, туған-туыстарымызға қарайласамыз. Мен қыдырмаймын. Әлеуметтік желіде әдемі болып көрінгеніммен, мен жұмыста жүремін”, – дейді Жазира Байырбекова.

Сондай-ақ ол күйеуі екеуінің қызығушылықтары да тым бөлек, көзқарастарының да бір-біріне ұқсамай жататыныны айтып қалды. 

“Жанболат таза ауамен демалып, тауға барғанды ұнатпайды. Ал мен солай демалғанды жақсы көремін. Жанболат жер үйде, егін егіп, тал егіп, иттерге қарап жүргенді жаны сүйеді. Мен үшін қораның ішінде жүре берген демалыс емес. Сол сияқты кейде екеуіміздің қызығышулықтарымыз екі түрлі боп кетеді”, – деді өнер иесі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: