Сенбі, 28 ақпан, 15:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2228)
28.02.2026
PDF мұрағаты

«Невада–Семей» қозғалысына – 37 жыл

28.02.2026

56 0

Бүгін қаламызда «Невада–Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 37 жыл толуына орай еске алу митингісі өтті.

«Невада–Семей» қозғалысына – 37 жыл
«Невада–Семей» қозғалысына – 37 жыл

1989 жылы 28 ақпанда ақын Олжас Сүлейменовтің бастамасымен құрылған қозғалыс Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына және Қазақстанның бейбітшілік саясатын қалыптастыруға зор үлес қосты.

Шара барысында ядролық сынақтардың адамзатқа тигізген зардаптары айтылып, ел тағдыры жолында күрескен азаматтардың еңбегі атап өтілді. Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ө. Шаменов, «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С. Ыдырысұлы сөз сөйлеп, Семей полигоны салдарынан қаза тапқан боздақтардың рухына гүл шоқтары қойылып, Құран бағышталды.

Бейбіт өмір мен жарқын болашақ жолындағы күрес ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман болсын!

«Невада–Семей» қозғалысына – 37 жыл
«Невада–Семей» қозғалысына – 37 жыл
«Невада–Семей» қозғалысына – 37 жыл

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: