Жексенбі, 28 сәуiр, 02:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Облыс әкімі «Самұрық-Қазына» АҚ басшысымен уран өндіру мәселелерін талқылады

30.08.2023

258 0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповпен кездесіп, Қызылорда облысында жүзеге асырылатын жобаларды талқылады. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы Қызылорда облысында ауқымды жұмыстар атқаруда. «Қазатомөнеркәсіптің» 4 еншілес ірі кәсіпорны табиғи уран өндірумен айналысып келеді. Осы ретте уран өндіру саласындағы бірнеше өзекті мәселеге тоқталып өтсем. «Шалқия Цинк ЛТД» Жаңақорған ауданындағы «Шалқия» полиметалл кен орнында «Тау-кен байыту комбинатын салу» жобасын жүзеге асыруда. Қуаттылығы жылына 4 млн. тонна кен өндіретін фабриканың жоба құны 323,6 млрд. теңгені құрайды. Бүгінгі күнге 107 млрд.теңге инвестиция қаражаты игерілді. Қажетті инженерлік инфрақұрылымды (сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау) жеткізу және жерасты кешенінің құрылысы жүргізілуде (жерасты шахтасы). Аймақта жаңа жұмыс орындарын құру және инновациялық технологияларды енгізу үшін фабрика құрылысын жүргізетін мердігер мекемені қысқа мерзімде анықтауға қолданыстағы заңнама аясында ықпал жасау керек. Осы жылдың ІІ жартыжылдығында фабрика құрылысын бастау үшін тиісті шаралар қабылдауды сұраймыз», – деді аймақ басшысы.Мұнан бөлек, Нұрлыбек Машбекұлы 65%-ға жұмыс жасайтын «Байкен–U» серіктестігінің толық қуаттылықпен жұмыс істеу мүмкіндігін қарастыруды және уран өндіруші компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды ұсынды.Әрі қарай «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы облыс әкімімен бірге Махамбетов ауылындағы спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысады. Айта кетейік, Сыр өңіріне жұмыс сапары барысында Нұрлан Жақыпов «Қазгермұнай» БК» ЖШС өндірісті басқару орталығын аралап, «Хорасан-U» ЖШС кен орындарына барады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: