Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің төрағалық етуімен мәслихаттың кезектен тыс 30 сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының басшысы, облыстық басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы және «2026-2030 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы мәселелер сессия алдында өткен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланып, депутаттар тарапынан болған бірқатар ұсыныстар қолдау тапқан болатын.
Соған сәйкес, сессия отырысында депутаттардың кейбір сұрақтарына облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов пен облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек тарапынан қосымша жауаптар берілді.
Өз кезегінде облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов барлық басқарма басшыларына алдағы уақытта депутаттардың ұсыныстарына, олардың көтерген сұрақтарына толық, дәлелді әрі нақты жауаптар берілуін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы қажеттігін айтып, мәслихат депутаттарымен бірге барлық бастамалар мен жобаларды өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе іске асырудың маңыздылығына тоқталды.
Сессия соңында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында жан-жақты талқыланған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
