Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, облыстық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, тиісті басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды. Алғашқы мәселе – «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №199 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы және «2026-2030 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2025 жылғы 25 желтоқсандағы №218 шешіміне толықтырулар енгізу туралы облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек хабарлама жасады.
Басқарма басшысы бірлескен отырыс алдындағы тұрақты комиссия отырыстарында депутаттар тарапынан көтерілген ұсыныстарға жан-жақты тоқталып, қолдау тапқан мәселелерді атап өтті.
Отырыс барысында туындаған қосымша сұрақтарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов және басқарма басшысы Сәкен Мырзабек толыққанды жауап берді.
Депутаттар өз кезегінде өңір экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау және бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын басты назарда ұстау керектігін жеткізді.
Одан бөлек, күн тәртібінде «Өңірлік ғылым жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы»; «Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»; «Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссияның құрамын бекіту туралы» облыстық маслихаттың 2024 жылғы 22 мамырдағы № 101 шешіміне толықтыру енгізу туралы»; «Қызылорда облысындағы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 11 тамыздағы №38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»; «Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңесінің құрамын бекіту туралы»; «Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын сайлау туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы №179 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» өзге де мәселелер қаралды.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіне ұсынылған барлық мәселе бірауыздан мақұлданып, шешім жобалары сессия қарауына жіберілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
