Бүгін облыстық мәслихат депутаты, Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сандыбаевтың төрағалығымен комиссияның отырысы өтті.
Оған облыстық мәслихат депутаттары, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы М.Тәуіпбаева, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Усаин, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы М.Құрманбаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғ.Еркебай қатысты.
Күн тәртібінде:
1) «Өңірлік ғылым жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы»;
2) «Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»;
3) «Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы облыстық комиссияның құрамын бекіту туралы» облыстық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы №101 шешіміне толықтыру енгізу туралы;
4) «Қызылорда облысындағы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың 2023 жылғы
11 тамыздағы №38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 4 мәселе қаралды.
Аталған мәселелер бойынша басқарма басшылары хабарлама жасап, депутаттардың ұсыныс-пікірлеріне тиісті жауаптар берілді.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
