Сәрсенбі, 08 мамыр, 16:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

«Өлгім келмейді»: Әйел үш баласымен зәбір көруде

29.08.2023

388 0

Үндістанда үш баласымен қалып қойған қарағандылық әйел елге оралу үшін көмек сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мұны “Немолчи.kz”  қорының басшысы Дина Тәңсәрі мәлімдеді. Айтуынша, Калькуттада төрт жыл бойы күйеуінен зәбір көрген елге орала алмай жүр. Себебі үлкен қызының визалық режимі бұзылған, ал кішілері виза алмаған.

Балаларының үлкені – он жаста, одан кейінгілері үш жарым және бір жаста екен.

“Оның жұбайы төрт жылдан бері әйелге қысым көрсетіп, ұрып-соғып, қылқындырады. Өзі ішімдік ішіп, отбасына қолғабыс етпеді әрі тамақ ішуге шектеу қояды. Оларды ешқайда шығармайды, тіпті үлкен қызының білім алуына мүмкіндік бермей, оған да шабуыл жасайды. Қоқан-лоқы көрсетіп, әйелдің тапқан-жиғанын тартып алған”, – деп жазды Дина Таңсәрі. 

Айтуынша, отауласқанға дейін ер адам оғаш қылық көрсетпеген.

«Мен бұл елде өлгім келмейді, балаларымның жақсы өмір сүргенін қалаймын! Ал олар күйеуімнің маған тап беретінін, тамақ пен заттарды лақтыратынын көруге мәжбүр!», – деді зәбір көрген әйел.

Сыртқы істер министрлігі бұл жағдайда түсініктеме берді.

«Консул отандасымызбен байланыста. Оған көмек көрсетіледі. Оған да, оның балаларына да Қазақстанға оралуға көмектесеміз», – деп мәлімдеді министрлік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: