Топ-баннер2

Сейсенбі, 10 наурыз, 12:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Өткен жылы 15 мыңнан астам азамат жалдап тұрған пәтерін жекешелендіріп алды

10.03.2026

51 0

Коллаж: Kazinform / Canva

Өткен жылы 15 мыңнан астам азамат жалдамалы тұрғын үйді жекешелендіріп алды. Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев айтты, – деп хабарлайды KAZINFORM

-Биылдан бастап жалға берілетін тұрғын үйді сатып алу және инфрақұрылым тартуды қаржыландыру өңірлер мен жергілікті бюджеттерге жеткізілген жалпы сипаттағы трансферттер есебінен жүзеге асырылады. Сондықтан өңір әкімдіктері осы бағыт бойынша жеткілікті қаржыландыруды пысықтағаны жөн, – деді ол.

Министрдің пайымынша, тұрғын үй саясатын біртіндеп енгізу азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өте маңызды. Мысалы, өткен жылы мамырда заңнамаға түзетулер енгізіліп, әкімдіктердің тұрғын үйді есепке алу және бөлу функциялары «Отбасы банкке» өтті. Жалпы, жыл бойы азаматтарға шамамен 8 мың жалдамалы тұрғын үй және 11 мыңнан астам жеңілдетілген ипотекалық несие берілді.

-Сонымен қатар тұрғын үй туралы заңға түзетулер енгізіліп, бұрын «сатып алу құқығы жоқ» жалдамалы тұрғын үйді жеке меншіктеуге рұқсат берілді. Нәтижесінде өткен жылы 15 мыңнан астам азамат аталған құқықты пайдаланды. Мұнан бөлек, тұрғын үй жалдау ақысын субсидиялау арқылы 11 мыңнан астам азамат көмек алған. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 7,6 млрд теңге бөлінді. Биыл жалдау ақысын сол көлемде субсидиялау жоспарланып отыр, – деді Ерсайын Нағаспаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: