Сейсенбі, 15 сәуiр, 19:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№27, 2140
15.04.2025
PDF мұрағаты

Оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді

14.04.2025

218 0

Жеке құрам ату тәсілдерін меңгеріп, оның ережелерін білуі қажет. Яғни олар жыл бойғы кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы сабақтарынан алған білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдана алуға міндетті. Өйткені олардың кәсіби даярлығына байланысты, сыныптық біліктілігі беріледі.

Міне, осыған орай, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінің кадр саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен жеке құрам арасында тапанша атудан оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.

– Оқу-жаттығу ҚР ІІМ-нің бұйрығы негізінде тоқсан сайын жүргізіледі. Ату кезінде, қызметкерлердің «Макаров» тапаншасын дұрыс қолдана білуі, нысанға дәл тигізу мен оны пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларына мұқият болуларына ерекше назар аударылды. Тапаншадан ату бойынша тәртіп сақшылары норматив бойынша нысанаға дәл тигізіп, мергендігі мен кәсіби шеберлігін дәлелдей алды, – дейді кадр саясаты бөлімінің кәсіби қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Айбек Молдашев.

Оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді

60 мекеме баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: