Сенбі, 18 мамыр, 14:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Осы айда тәрбиешілердің жалақысы 30%-ға артады

06.09.2023

309 0

Қыркүйектен бастап мектепке дейінгі тәрбие және білім беру педагогтерінің жалақысы тағы 30%-ға өседі. Елімізде қазір 97 мың тәрбиеші бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Жалақыны жыл сайын арттыру 2020 жылдың қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында 20 390 педагог кәсіби біліктіліктерін арттырады. 79 мектепке дейінгі ұйымда «Құзырет орталықтары» жұмыс істейді. Мұнда тәрбиешілер өзара тәжірибе алмасып, үздік жұмыстарымен бөліседі.

Сонымен қатар, Үкімет балабақшаларда жаңа орындар ашу бойынша шаралар қабылдап жатыр. Жыл басынан бері 29 620 орынға арналған 307 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін балабақшаларда барлығы 81 мың, ал 2025 жылға дейін 223 мың жаңа орын ашу жоспарланып отыр

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: