Сейсенбі, 24 ақпан, 11:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Пойыздағы жолаушыларға ауызашар мен сәресі ұйымдастырылады

24.02.2026

49 0

Фото: shutterstock

Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында пойыздағы жолаушыларға ауызашар мен сәресі ұйымдастырылады. Бұл туралы Жолаушылар тасымалы АҚ мәлімдеді, – деп хабарлайды  kursiv.media

Компания мәліметінше, вагон-ресторандар күн сайын сағат 08:00-ден түнгі 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал ораза ұстаған жолаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында сәресі уақытында – сағат 04:00 пен 05:00 аралығында қосымша ашық болады. Осы уақыт ішінде жолаушылар ораза басталғанға дейін таңғы ас іше алады.

Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы әзірленген мәзір топтамалары ұсынылады. Сондай-ақ ауызашар кезінде жолаушыларға су мен құрма тегін таратылады. Қасиетті айда пойыздарда алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ауызашар мен сәресі кезінде қандай тағамдарды тұтыну керектігі туралы кеңінен жазған едік. Мамандар жеңіл сіңетін, дәруменге бай әрі ағзаны ұзақ уақытқа қуаттандыратын тағамдарға басымдық беру қажеттігін айтқан еді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: