Жұма, 27 ақпан, 13:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Пойызға кешігіп қалсаңыз да, билет ақшасын қайтаруға болады – не істеу керек

27.02.2026

60 0

Фото: Zakon.kz/ Павел Михеев

Пойызға кешігіп қалу – кейбір жолаушылардың уақыт сайын кездесетін жағымсыз жағдайы. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға пойызға кешігіп қалған жағдайда не істеу керегін еске салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 27 ақпанда ҚТЖ Telegram-арнасында жолаушыларға арналған нұсқаулық жарияланды:

«Бірінші қадам – вокзалдағы билет кассасына барып, кассирге жағдайды хабарлау. Егер жолаушы пойызға кешігіп қалса, билет құнының бір бөлігін қайтаруға болады. Алайда бұл әрекетті билетте көрсетілген станциядан пойыз шыққаннан кейін бір сағат ішінде жасау қажет».

Қайтарым алу үшін жеке куәлік пен билет көрсету керек. Кассир қажетті құжаттарды рәсімдеп, орын бар болса, келесі пойызға отырғызу нұсқаларын ұсынады.

Билет ақшасын қайтару сомасы мен мерзімі – «Жолаушылар, жүк және пошталық жіберілімдерді теміржол көлігімен тасымалдау ережелерінде» көрсетілген.

Мұндай жағдайда жолаушыларға қосымша ақпарат алу үшін 1433 нөмірі арқылы операторға хабарласу немесе вокзал анықтамасына жүгіну ұсынылады.

«Ұқсас жағдайларды болдырмау үшін вокзалға алдын ала келу қажет», – деп ескертті «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Сондай-ақ, пойызда қатаң тыйым салынған әрекеттерді мына жерден білуге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: