Дүйсенбі, 17 наурыз, 17:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№19,2132
15.03.2025
PDF мұрағаты

Полиция қызметін цифрландыру қауіпсіздікті қамтамасыз етеді

17.03.2025

12 0

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында Қызылорда қаласында 272 дана бейнебақылау камералары, 5 дана зияткерлік бейнебақылау камералары, 20 дана «Аркан», 1 дана «Мираж» стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы және 5 дана «зияткерлік қиылыс» жұмыс атқаруда. Орнатылған камералар қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттырып, қылмыстың орын алуын тыяды. Жыл басынан бері камера көмегімен 30 қылмыс анықталған. Полиция қызметіндегі жаңашылдықты облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сәбит Ибадулла Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндап берді.

– Автоматты режимде жұмыс жасайтын құрылғыларымен 5241 жол қозғалыс ережелерін бұзушылықтар анықталып, айыппұл салынды. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Қызылорда қаласына 1400 дана бейнебақылау камераларын және 19 «Зияткерлік қиылыс», 58 «Стационарлық жылдамдық өлшегіш» қондырғыларын орнату жоспарлануда. 24 наурыздан бастап Қызылорда қаласындағы Жедел басқару орталығының бейне қабырғасы мен жұмыс орындарына жаңарту жұмыстары жоспарлануда. Қазіргі таңда Мемлекет басшысы қоғамдық тәртіпті сақтау саласына жасанды интеллектіні қолдану арқылы цифрлық жобаларды енгізуге көп көңіл бөлуде. Осыған орай «Target AI» ЖШС-мен осы жылдың наурыз айында облыс орталығында орналасқан бейнебақылау камераларына жасанды интеллект алгоритмдерінің көмегімен бейнебақылау камераларының бейне ағынын өңдеуді және талдауды пилоттық режимде жүзеге асыру жоспарлануда. Аталған бағдарлама бет-әлпеті арқылы немесе белгілеріне қарап іздеуде жүрген адамдарды картаға түсіру сервисі арқылы анықтау уақытына және табылған орнына қарай іздеу маршруттарын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, криминалды көлік құралдарын номері, модель, маркасы және түсі арқылы табуға мүмкіндік береді, – деді Сәбит Ибадуллаұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: