Бейсенбі, 26 желтоқсан, 15:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қайсарлығымен тәнті еткен

22.06.2021

1120 0

ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментіне қарасты шекара бөлімшелеріндегі санитарлық нұсқаушылардың індетке қарсы күресте қосқан үлестері аз емес.

Бүгін қазақ – өзбек мемлекеттік шекараны күн­­нің ыстыгы мен экологиялық жағ­дай­ларының қиыншылықтарына қа­ра­мастан, өз міндеттеріне адал­дық танытып келе жатқан қос санитарлық нұсқаушы туралы қалам тербеуді өзімізге парыз санадық. Мақаламыздың кейіпкерлері Жан­қожа батыр атындағы және «Тұщы­құдық» шекара бөлімше­ле­рін­де қызмет атқарады.

Қайсарлығымен тәнті еткен

Жанқожа батыр атындагы ше­кара бөлім­шесінің санитарлық нұс­қаушысы келісімшарт қызметінің сержанты Берік Сұлтанов ҰҚК Шекара қызметінің сапында 2007 жылдан бері өзінің азаматтық өмір­ден алған мамандығын ел шебі­мен ұштастыра білген білікті ше­карашылардың бірінен саналады.

Өзінің ел шебіндегі қызметін тарпаң мінезімен белгілі құмның ішінде жалғастырған Берік Қуаныш­бекұлының басынан өткерген оқи­ғалары бір кітапқа жүк боларлық десек артық айтпаймыз. Сондай оқиғаның бірі былай өрбісе керек.

«Жаз айларының бірінде батыр атын иеленген шекара бөлімшесінде қызмет аткарып жүрген шекарашы­ны улы жылан шағып алады. Мұн­дайда белгілі, алғашқы медицина­лық көмек көрсеткен соң уакыт оздырмай, науқасты ауруханаға шұғыл жет­кізу керек. Ал Жанқожа батыр атындағы шекара бөлiмшесi мен өркениеттегі аурухананың арасы жақын емес. Осыған қарамастан, Беріктің аркасында шекарашы ем алумен шектелген жок, ондаған шақырым жердегі ауруханаға да дер кезінде жеткізіліп, аман қал­ды». Қуанарлығы, Берік өзінің ма­мандығын ғана емес, ел шебіндегі қызметін де мақтаныш етеді. Жанқожа батыр атындағы шекара бөлімшесінің тыныс-тіршілігі мен өзіне тән өмірі көңіліне ыстык.

Беріктің шекарашы әріптесі «Тұшқұдық» шекара бөлімшесінің санитарлық нұсқаушысы келісім­шарт қызметінің сержанты Бауыржан Жалғасбай да өзінің шекарашылық қызметін 2007 жылы бас­тапты. Ол да құмның теперішін бір кісідей бастан өткеріп, барлық қиын­дығына шыдамдылық танытып келеді. Ең бастысы, Бауыржан да өзінің мамандығын мақтаныш етеді.

Сондықтан да қос кейіпкеріміздің ел шебінен жинаған тәжірибелері назарға алынып, екеуі де індетке қарсы жүргізілген күреске тартылган санитарлық нұсқаушылардың қа­тарынан. Атап айтар болсақ, бірі ҰҚК Шекара академиясына көмекке жіберілсе, екінші әріптесіміз іс­сапармен Қордай ауданы бойын­ша шекара басқармасында болып қайтты. Қайсарлықтарымен тәнті еткен осындай санитарлық нұсқаушылар тұрғанда шекарашы­лардың денсаулығына алаңдамаса да болады.

Камила ДӘРІҚҰЛОВА,
Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда университетінің
ІІІ курс студенті

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: