Жұма, 22 қазан, 16:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83 (1785)
19.10.2021
PDF мұрағаты

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Шиелі ауданына барып, жаңа әлеуметтік нысандарды ашты

27.12.2020

2385 0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Шиелі ауданына барды. Алдымен аймақ басшысы Тартоғай елді мекенінің ауыз сумен қамту жүйелерін көріп, бас су қоймасының іске қосылу рәсіміне қатысты.

Ауданда инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымды дамытуда, жол сапасын жақсартуда кешенді шаралар қабылданған.

Нәтижесінде елді мекенде 293 дана көру құдықтары орнатылып, қыстақішілік 28,38 шақырым, тұтынушы тұрғын үйлерге дейін 19,26 шақырым ауыз су құбырлары жүргізілді. Жаңа ауыз су нысаны құрылысының сметалық құны 401 млн.теңгені құрайды. Облыс әкімі құрылыс жұмысын сапалы орындағаны үшін мердігер компанияға алғысын білдірді.

Мұнан кейін облыс әкімі Шиелі кенті, «Көкшоқы» мөлтек ауданынан тұрғындарға 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үйді табыстады. Тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 176 млн.теңге қаржы қаралып, бас мердігер «СМП-Қызылорда» ЖШС-і тарапынан құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілген. Құрылыстың жер көлемі 1,76 гектар, ал ғимараттың жалпы ауданы 60 шаршы метрді құрайды.

Игі шарада баспаналы болған 8 баланың анасы Марал Дастанова облыс әкіміне алғыс білдіріп, тебіреніске толы сәттерімен бөлісті. Қоныс тойын тойлаған тұрғындарға аудан ардагері Жақай Сақбаев бата беріп, ел игілігі жолындағы елеулі істерге ризашылығын білдірді.

Әкім сапары барысында қос жолды темір жол үстінен соғылған автомобиль көпірі құрылысының ашылу салтанатына қатысты. Шиелі станциясының «Шиелі-20 бекет» учаскесіндегі автомобиль жолы көпірі «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында салынған. Жобаға 673 млн.теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары іске асты. Құрылыс алаңына 75 маман тартылып, 18 техника жұмылдырылды. Көпірдің ұзындығы 60 метр, ені 11 метр, жолдың жалпы ұзындығы 1,2 км.

Облыс әкімі жаңа көпір аудан тұрғындарының алтын уақытын барынша үнемдейтін, тұрғындарды қуантатын маңызды нысан болатынын ерекше атап өтіп, тұрғындарды құттықтады.

Мұнан кейін аймақ басшысы Жаңатұрмыс ауылдық округіне барып, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында іске асқан тұрғын үйлерді газға қосу рәсімін көріп, елдің көптен күткен бастамалы іске сәттілік тіледі.

«Бүгін біз аудандағы тағы бір игілікті істің куәсі болғалы тұрмыз. Өздеріңіз білесіздер, бұған дейін жыл сайынғы есепті кездесуде ауыл халқының көтеріп жүрген ең басты мәселесі ауылға көгілдір отын тарту болатын. Міне, бүгін сол мақсатқа қол жеткізіп, табиғи газды салтанатты түрде қосқалы тұрмыз. Құны 204 млн.теңге болатын бұл жобаға облыстық бюджеттен қаржы қаралып, Жаңатұрмыс ауылдық округі бойынша мыңнан аса ауыл тұрғындарының қуанышына орай 205 тұрғын үй табиғи газбен қамтамасыз етіледі»,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Шара барысында арнайы қондырғыдан газ алауы жағылып, Жаңатұрмыс халқының тұрғын үйлері газға қосылды. Өңір басшысы айрықша сәтте аудан тұрғыны Р.Мұстафаевтың тұрғын үйіне барып, газды пайдалану жұмысын көріп, отбасыға береке тіледі.

Айту керек, биыл аудан орталығы Шиелі кенті 100 пайыз газбен қамтылған. Жақаев елді мекенінде 260, Бидайкөл елді мекенінде 210 жеке тұрғын үй газға қосылған. Алдағы уақытта Н.Бекежанов, Қодаманов, Ақмая, Алғабас елді мекендерін газдандыру бойынша жұмыстар жалғасады.

Жұмыс сапарының қорытындысында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аудан әкімі Қамбарбек Мүбараковқа негізгі басым салалардағы ауқымды жұмыстарды жалғастыруды және халықтың саулығын сақтауға қажетті шараларды қарқынды іске асыруды тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: