Сәрсенбі, 25 ақпан, 15:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2227)
24.02.2026
PDF мұрағаты

Қармақшыда Конституция жобасы кітапхана қызметкерлерімен талқыланды

25.02.2026

38 0


Бүгін Қармақшы ауданында ақпараттық – насихаттық жұмыстар аясында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты Руслан Рүстемов кітапхана қызметкерлері және оқырмандармен кездесті.

Жиын ашық форматта өтіп, қатысушылар пікір алмасуға мүмкіндік алды.

Қармақшыда Конституция жобасы кітапхана қызметкерлерімен талқыланды


Кездесу барысында елдегі қоғамдық-саяси өзгерістер, Конституцияның қоғам өміріндегі рөлі және ұсынылып отырған бастамалардың мазмұны талқыланды. Руслан Рүстемов өз сөзінде құқықтарды қорғау, ашықтық және әділдік қағидаттарының маңызына тоқталды. Ол Конституцияны жай құжат емес, халықтың мүддесін қорғайтын негізгі тірек,- деп атап өтті.

Қармақшыда Конституция жобасы кітапхана қызметкерлерімен талқыланды


Кітапхана саласының мамандары мәдениет пен білім беру бағытындағы өзекті мәселелерді көтеріп, рухани құндылықтарды сақтау және оқырман мәдениетін дамыту жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Іс-шараға аумақтық коалиция төрағасы Әділ Қошалақов, коалиция мүшелері Орынбасар Төлепов, Ерболат Ұзақбаев және Дәулет Қанатбай қатысып, Конституция жобасына қатысты ақпарат берді.
Кездесу қорытындысында қатысушылар қоғам дамуына қатысты пікір алмасып, өзара ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

Қармақшыда Конституция жобасы кітапхана қызметкерлерімен талқыланды
Қармақшыда Конституция жобасы кітапхана қызметкерлерімен талқыланды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: