Жұма, 10 мамыр, 20:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қашықтыққа жүгірген 71 жастағы зейнеткер жұртты таңғалдырып жүр

21.08.2023

520 0

71 жастағы Қызылорда тұрғыны Алла Мян Қазақстанның ең қарт жүйрігі ретінде танымал болды. Бұрынғы бастауыш сынып мұғалімі әуесқой жүгірушілер арасында қысқа қашықтыққа жүгіруде ең жоғары нәтиже көрсетіп отыр, – деп хабарлайды 24.kz сайты.

Әйел 30 жыл бойы ұстаздық қызмет атқарған. Оның спортпен айналысуға уақыт болмаған. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін буындары мазалай бастаған. Дәрігерлер спортпен шұғылдануға кеңес берген. Ол денсаулығын жақсарту үшін стадионға барып, жаттығуды бастаған.

«Менде иық өрімі плекситі болды, оны жазуға екі апта кетті, кейін стадионда түрлі жарыстар басталды, маған қатысу ұсынылды, күтпеген жерден бірінші орындар ала бастадым», – деді спортшы.

Алла апай өзінің спортқа деген қабілетін байқай бастаған. Ол облыс құрамасының құрамында бақ сынап, республикалық чемпионатта алтын алды. Қазір ол бірде-бір жарыстан қалмайды.

«Жасына қарамастан ол Қазақстан бойынша ең жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Кейінгі жарыста 40 жасқа дейінгі жас санатында қатысып, тіпті арамызда бірінші орын жеңіп алды. Барлығы таңғалды», – дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Малика Омарова. 

Алла Мянның әуесқой спортпен айналысқанына 10 жыл болды. Ол облыстық, республикалық чемпионаттарда үнемі жүлделі орындарға ие болып жүр. Зейнеткер жақында Қарағандыда өткен республикалық жарыста өзінің рекордын жаңартып, барлық қашықтықта үздік атанды. Оның қоржынында тағы 7 алтын медаль бар.

«Мен минутқа қарамаймын, нәтижелерді кәсіби түрде сараламаймын, кәсіби түрде жұмыс істемеймін, мен жай ғана қызық болғаны үшін жаттығамын. Маған спортқа толы өмір ұнайды», – деп мойындады Алла Мян.

Енді зейнеткер алдына жаңа міндет қойды. Ол әлемді мойындатып, халықаралық жарыстарда Қазақстанның туын желбіретуді армандайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: