Топ-баннер2

Сейсенбі, 10 наурыз, 19:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№18 (2230)
07.03.2026
PDF мұрағаты

Қазалы ауданында Конституция жобасы талқыланды

10.03.2026

58 0

Фото: Қазалы ауданы

Қызылорда облысының Қазалы ауданында жаңа Конституция жобасына қатысты бірқатар кездесулер өтті. Іс-шараларға «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының өкілдері қатысып, құжаттағы ұсынылған өзгерістер жөнінде ақпарат берді.

Қазалы ауданында Конституция жобасы талқыланды

Алғашқы кездесу Қазалы вагон жөндеу депосында ұйымдастырылды. Оған шамамен 150 теміржолшы қатысты. Жиында аумақтық коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш қолданыстағы Конституция мен ұсынылып отырған жаңа жоба арасындағы негізгі айырмашылықтар туралы айтып, еңбек құқықтары мен өндірістегі қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды.

Қазалы ауданында Конституция жобасы талқыланды

Ақпараттық кездесу аудан кәсіпкерлерімен де жалғасты. Онда Жалпыұлттық коалиция мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп жаңа Конституция жобасында кәсіпкерлік қызметті дамыту мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға қатысты қарастырылған нормалар туралы баяндады.

Қазалы ауданында Конституция жобасы талқыланды

Сонымен қатар коалиция мүшелері аудан жастарымен кездесті. «Руханият» орталығында өткен жиында Конституция жобасында адами капиталды дамыту, білім, ғылым және инновация салаларына қатысты ұсыныстар сөз болды.

Қазалы ауданында Конституция жобасы талқыланды

Қазалы қаласының тұрғындарымен өткен кездесуде де Конституция жобасының әзірлену барысы мен негізгі саяси өзгерістер талқыланды. Жалпыұлттық коалиция мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Нұрлан Имандосов құжат Парламенттің жұмыс тобы мен Конституциялық комиссияда қаралып, қоғам өкілдері мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілгенін атап өтті. Сондай-ақ жоба аясында қарастырылған бірқатар саяси жаңашылдықтар туралы ақпарат берілді.

Кездесулер барысында қатысушылар пікір алмасып, өз сұрақтарын қойды.

Қазалы ауданында Конституция жобасы талқыланды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: