Жұма, 19 сәуiр, 20:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық полицейлердің адалдығы тексерілмек

08.01.2023

789 0

Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру тетігін енгізу мәселесін пысықтауда (Integrity Сһеск). Бұл жайлы Polisia.kz порталы мәлім етті.

«Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде полиция қызметкерлерін адалдыққа тексеру тетігін енгізу мәселесін пысықтауда (Integrity Сһеск). Мұндай тексерулердің нәтижелері қызмет өткеру және аттестация өткізу кезінде ескерілетін болады», – деп жазылды басылым мәліметінде. Айта кету керек, аталмыш пилоттық жобаны патрульдік полицияда сынақтан өткізу жоспарлануда. Себебі дәл осы қызметтің қызметкерлері күн сайын халықпен өзара іс-қимыл жасайды. Тексеруді әр түрлі жағдайларды модельдеу арқылы өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері жүргізетін болады. Polisia.kz мәліметінше, бұл жобаның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және полиция қызметкерлерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: